русский язык
Футбол

«Астана» 0:2 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды

«Астана» 0:2 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды

Түркиядағы жиыны аясында «Астана» былтыр Босния және Герцеговина чемпионы атанған «Сараево» клубынан айласын асырды.

Бірінші таймнан кейін елордалық команда 0:2 есебімен жеңіліп жатқан, бірақ үзілістен кейін үш гол соға алды. Алексей Щеткин, Рохер Каньяс және Джордже Деспотович соққан голдар «Астанаға» жеңіс сыйлады.

«Астананың» негізгі құрамы: Мокин, Логвиненко, Малый, Постников, Шаихов, Бейсебеков, Каньяс, Тағыберген, Наджарян, Твумаси, Щеткин.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;