1XBET - ставки на спорт

Қазақстандық теннисші Братислава турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Братислава турнирінің финалына шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингіде 215-орындағы украиналық Виталий Сачконың меселін қайырды. Матч 6:4, 6:3 есебімен Александрдың пайдасына аяқталды.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Шевченко 5 эйске қоса 14 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Сачко 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Александр Шевченко финалда әлемдік рейтингіде 293-орындағы жапониялық Таро Дэниелмен чемпиондық атақты сарапқа салады. 

Михаил Кукушкин Германиядағы турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады

Рыбакина Лондондағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Рыбакина ширек финалға шыққаны үшін қанша табыс тапты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или