Еуропалық құраманың бұрынғы ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады
Румыниялық қорғаушы Паул Якоб «Ақтөбемен» келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздердің мәліметінше, тараптар арасындағы еңбек келісімінің барлық шарттары толықтай келісілген.
Осы уақытқа дейін 29 жастағы футболшы тек өз отанында өнер көрсетіп, бірқатар жергілікті клубтарды (олардың ішінде «Вииторул», «Рапид 1923» және «Ботошани» бар) ауыстырған. Якобтың соңғы командасы «Оцелул» болды, ол өткен маусымда бұл ұжым үшін барлық жарыстарда 31 матч өткізіп, екі голмен көзге түсті.
Футболшы Румыния екінші дивизионының екі дүркін чемпионы, сондай-ақ ел Кубогы мен Суперкубогының иегері болып табылады. Якобтың еншісінде Румыния жастар құрамасы (U-21) сапында өткізген екі матч бар.
Ойыншының трансферлік құны 800 мың еуроға бағаланып отыр.
ҚПЛ-ға тағы бір бразилиялық футболшы келді
«Қайрат» өз алаңында «Атыраумен» тең ойнады
«Астана» ойыншысы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткзді