1XBET - ставки на спорт

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіліп қалды

ATP рейтингінде 303-орында тұрған қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Кукушкин әлемде 78-орында тұрған италиялық Маттиа Беллуччимен кездесіп, одан 6-4, 6-3 есебімен жеңіліп қалды.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 583 330 еуро. Жеңімпаз 500 ATP рейтингтік ұпай және 483 145 еуро жүлде қорын алады.

Айта кетейік, Галледегі турнирдің қазіргі чемпионы - өткен жылы осында өзінің алғашқы ATP 500 титулын жеңіп алған қазақстандық Александр Бублик.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или