Қырғызстандық файтер өзбек қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді
Жартылай жеңіл салмақтағы алғашқы кардтың финалдық жекпе-жегі OCTAGON 87 турнирінде өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қырғызстандық жеңіліп көрмеген файтер Кайнар Азимбаев (4-0) өзбекстандық Жахонгир Тукташевпен (2-1) кездесті.
Жекпе-жекте төрешілер шешімімен қырғызстандық файтер Кайнар Азимбаев жеңіске жетті.
Кештің басты оқиғасы тәжікстандық Фазлиддин «Карим» Мадрахимов (16-6-1) пен өзбекстандық Мухиддин Мамажонов (9-1-1) арасындағы уақытша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек болады.
Айта кетейік, негізгі жекпе-жекте ауыр салмақтағы титул үшін қазақстандық Айбек Ерметов (5-0) өзбекстандық Азамат Нуфтиллаевпен (13-2-1) кездеседі.
OCTAGON турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 86 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
Қазақстандық файтер Ташкентте өткен жекпе-жекте жеңіліс тапты
Қазақстандық файтер OCTAGON 87 турнирінде керемет камбэк жасады