Өзбекстандық Абдурахмон Гафуров қарсыласын ерте жеңді
Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 87 турнирінде өзбекстандық Абдурахмон Гафуров қарсыласын ерте жеңіп, көрермендерді тәнті етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы кездесуде Әзербайжан өкілі Мұрат Ахмедов пен Өзбекстан файтері Абдурахмон Гафуров октагонға шықты.
Жекпе-жектің алғашқы раундының екінші минутында Гафуров қарсыласының арқасына шығып, тұншықтыру әдісін сәтті орындады. Нәтижесінде төреші айқасты тоқтатып, өзбекстандық спортшыға мерзімінен бұрын жеңіс берді.
Осылайша Абдурахмон Гафуров кәсіби мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Турнирдің басты кездесуінде уақытша чемпиондық белбеу үшін тәжікстандық Фазлиддин Мадрахимов пен өзбекстандық Мухиддин Мамажонов кездеседі.
Айта кетелік, кештің қос басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген қазақстандық ауыр салмақтағы Айбек Ерметов чемпиондық атақ үшін Азамат Нуфтиллаевпен айқасқа шығады.
Қазақстандық файтер Ташкентте өткен жекпе-жекте жеңіліс тапты