Қызылордалық клуб бір легионерімен қоштасады
Қызылорданың «Қайсар» клубы ресейлік қорғаушы Амир Мохаммадпен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
БАҚ беттеріндегі мәліметке сенсек, тараптар өзара келісімге келіп, футболшы жақын арада еркін агент атанады. 30 жастағы қорғаушы биылғы маусымда «Қайсар» сапында Қазақстан Премьер-лигасында жеті матч өткізді. Алайда денсаулығына байланысты мәселелер оның толыққанды ойын көрсетуіне кедергі келтірген.
Амир Мохаммад Қызылорда клубына осы жылдың ақпан айында Ресейдің «Балтика» командасынан ауысқан болатын. Сондай-ақ ол Қазақстан кубогында бір матчқа қатысқан.
Дамир Марат «Қайсарға» ауысуы мүмкін
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или