Александр Бублик Штутгарт турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық теннисші франциялық Джованни Мпетши-Перрикарды жеңді. Кездесу бір жарым сағатқа созылып, Бубликтің 7:6, 7:6 есебімен жеңісімен аяқталды.
Осылайша Александр Бублик жарыстың жартылай финалына шықты. Енді ол италиялық Маттиа Беллуччи мен америкалық Тейлор Фриц арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Еске салсақ, Бублик турнирді екінші айналымнан бастаған болатын. Алғашқы матчында ол германиялық Ян-Леннард Штруффты 7:6, 3:6, 6:2 есебімен жеңген еді.
Айта кетелік, Штутгарттағы турнир 8–15 маусым аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 768 220 еуроны құрайды. Турнир жеңімпазы 116 855 еуро мен рейтингтік 250 ұпайға ие болады.
Рыбакина Лондондағы жарыста камбэк жасады
Билли Джин Кинг: Қазақстанның қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің үздік үштігінде қалды