Словакия турнирі: Шевченко ширек финалдан сәтті өтті
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан Challenger сериясы турнирінің ширек финалына сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалдық кездесуде қазақстандық теннисші ATP әлемдік рейтингінде 312-ші орында тұрған чехиялық Максим Мрвамен кездесті.
Матч 7-6, 6-0 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.
Матч 1 сағат 29 минутқа созылды.
Осылайша, Александр Шевченко жартылай финалға шықты, онда ол тағы бір чехиялық Петр Брунчлик (350-ші орында) мен украиналық Виталий Сачко (215-ші орында) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Братислава турнирінің жалпы жүлде қоры 160 680 АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 100 ATP рейтингтік ұпай мен 23 750 АҚШ доллары жүлде қорын алады.
Рыбакина Лондондағы жарыста камбэк жасады
Билли Джин Кинг: Қазақстанның қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің үздік үштігінде қалды