Өзбекстандық Жалолиддин Машарипов маңызды турнирге қатыспайды
Өзбекстан құрамасының жетекші футболшыларының бірі Жалолиддин Машарипов жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақпаратқа сәйкес, футболшы толық қалпына келмегендіктен ұлттық құраманың соңғы өтінімінен тыс қалуы мүмкін. Оның орнына 26 ойыншыдан тұратын құрамға Русланбек Жиянов шақырылуы ықтимал.
Машарипов жарақатына қарамастан алаңға шығуға дайын екенін білдірген. Алайда соңғы шешімді бас бапкер Фабио Каннаваро қабылдайды.
Қазір Русланбек Жияновтың құрамға енгізілуі ресми түрде бекітілген жоқ.
Айта кетелік, сондай-ақ кейбір ақпарат көздері Жалолиддин Машариповтың ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауы мүмкін екенін жазып жүр. Дегенмен бұл жөнінде әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или