1XBET - ставки на спорт

Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері сенсациялық матчтан кейін пікір білдірді

Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері сенсациялық матчтан кейін пікір білдірді

Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері Тимур Қасымов Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Португалиямен өткен тең ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Көңіл-күйіміз өте көтеріңкі, оның үстіне бұл нәтижені біздің жас буын үшін тарихи жетістік деп есептеймін. Әлем чемпиондарынан ұпай тартып алу екі есе жағымды. Қазір біз дамудың дұрыс жолында тұрмыз деп ойлаймын.

Енді өткен ойынды жақсылап талдап, қалған екі кездесуге дайындалу керек. Мүмкін кейбір тұстарды түзеп, жаңа әдістер қосып, алға жылжимыз. Бүгін қуанатын сәт, ал ертеңнен бастап қалған матчтарға барынша жинақталып, дайындықты бастаймыз. Қай деңгейде өнер көрсетіп жатқанымызды және қарсыластардың қауқарын жақсы түсінеміз. Топтағы үш қарсыласымыз да өте мықты ұжымдар. Сондықтан әр нәрсеге мұқият қарауға тырысамыз.

Біздің басты күшіміз – бірлік пен халықтың қайсар рухында. Бұл біздің қанымызда бар қасиет.

Қазақстан Португалияға қарсы матчта сенсация жасады

Ұлттық құрама шабуылшысы команда ауыстыруы мүмкін

Қазақстан әйелдер құрамасының бапкері: Топтан шығатын мүмкіндік бар

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или