Елена Рыбакина әлемнің әдемі теннисшілерінің қатарына енді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина халықаралық БАҚ жасаған ең әдемі теннисшілер рейтингінен орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімді SK басылымы жариялаған. Рейтингке жалпы 15 теннисші енген. Алл қазақстандық спортшы 11-орынға тұрақтаған. Осылайша Рыбакина бұл тізімге енген Қазақстанның жалғыз өкілі болып отыр.
Үздік үштікке бұрынғы танымал теннисшілер – Анна Курникова, Мария Шарапова және Ана Иванович кірген.
Тізімде сондай-ақ Эмма Радукану, Гарбинье Мугуруса, Каролина Возняцки секілді қазіргі және бұрынғы атақты теннис жұлдыздары бар.
Айта кету керек, бұл рейтинг тек сырт келбетке негізделген субъективті бағалау болып саналады және спорттық нәтижелермен ешқандай байланысы жоқ.
Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына өтті
Қазақстандық жас теннисші «Ролан Гаррос» турнирін сенімді бастады