1XBET - ставки на спорт

Қазақстандық гимнасттар Әлем кубогында батуттық сында өнер көрсетеді

Қазақстандық гимнасттар Әлем кубогында батуттық сында өнер көрсетеді

Қазақстан құрамасы батут гимнастикасынан өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметінше, Швейцарияның Ароза қаласында өтетін жарысқа ұлттық құрама сапынан бес спортшы тіркелген. Олар: Роман Барков, Никита Тумаков, Ерлан Тасмағамбетов, Виктория Бутолина және Евгения Чернышова.

Қазақстандық спортшылар бұл турнирге Азия чемпионатындағы сәтті нәтижеден кейін қатыспақ. Онда Тұмақов пен Тасмағамбетов синхронды секіруден күміс медаль жеңіп алса, Бутолина жекелей сында екінші орын алған.

Айта кетелік, жарыс 26–27 маусым күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или