«Астана» клубы жаңа ойыншымен толыспақ
Елордалық «Астана» клубы құрамын Босния және Герцеговина жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Анес Крджаличпен толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Legalbet.kz дерегінше, 21 жастағы футболшы «Сараево» клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде «Астанаға» ауысуы мүмкін. Қазір трансферді рәсімдеу бойынша келіссөздер соңына жеткен.
Крджаличті клуб Иван Башичтің ықтимал орнына үміткер ретінде қарастырып отыр. Башичтің болашағы әлем чемпионатынан кейін шешілуі мүмкін, ол турнирден соң басқа клубқа ауысуы ықтимал.
Айта кетелік, футболшы өткен маусымда 18 матчқа қатысып, 3 гол соққан. Оның нарықтық құны шамамен 250 мың еуро деп бағаланады.
Өзбекстан құрамасы Канадамен жолдастық матч өткізді
FIFA әлем чемпионатындағы төрешілердің өкілеттігін кеңейтті