1XBET - ставки на спорт

Иерусалим мэрі сынға қалды

Иерусалим мэрі сынға қалды

Иерусалим мэрінің әлеуметтік желідегі қателігі Израиль жұртшылығы арасында қызу талқыланып, әзіл мен сынға себеп болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Иерусалим мэрі Лион қаланың әйелдер футболынан чемпион атанған Hapoel Jerusalem Women’s Football Club командасын құттықтаған жазба жариялаған. Алайда постқа футболшы қыздардың орнына NBA жұлдызының суреті қоса жарияланған.

Кейін белгілі болғандай, мэрия қызметкерлері әлеуметтік желідегі екі түрлі жарияланымды шатастырып алған. Өйткені дәл сол уақытта Авдияға «Иерусалимнің шетелдегі елшісі» атағына байланысты құттықтау жариялануы тиіс болған.

Қателік көпшіліктің наразылығын тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары әйелдер футболындағы жетістікті атап өтеміз деп, ер спортшының суретін жариялауды үлкен ағаттық деп бағалады. Кейбір пікірлер әзілге ұласып, «Авдия тамаша әйел футболшы екен» деген сарындағы жазбалар тарады.

Айта кетелік, жазба кейіннен түзетілгенімен, қоғамдағы талқылау тоқтаған жоқ.

Өзбекстан құрамасы Канадамен жолдастық матч өткізді

FIFA әлем чемпионатындағы төрешілердің өкілеттігін кеңейтті

Германия жолдастық матчта ірі есеппен жеңіске жетті

Бразилия қарсылас қақпасына алты доп соқты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или