1XBET - ставки на спорт

Әйгілі боксшы мас күйде көлік жүргізген

Әйгілі боксшы мас күйде көлік жүргізген

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Джермалл Чарло жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық боксшыға мас күйінде көлік басқарғаны және материалдық шығын келтірген жол апатына себеп болғаны үшін айып тағылды. Сот шешімі бойынша ол 1011 доллар көлемінде айыппұл төлеп, сот шығындарын өтеуге міндеттелді. Сонымен қатар, жүргізуші куәлігінен 90 күнге айырылды.

Чарлоға үш тәулік қамау жазасы да тағайындалған, алайда бұл мерзім оның ұсталғаннан кейін қамауда өткізген уақытымен есептелді.

Оқиға 2024 жылдың мамыр айында АҚШ-тың Техас штатында болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, боксшы Lamborghini көлігімен басқа автокөлікке соқтығысып, оқиға орнын тастап кеткен. Кейін полиция оны мас күйінде ұстаған.

Айта кетелік, спортшы адвокаты Джермалл Чарлоның бұл істі тезірек аяқтағанын қалайтынын және рингке оралуға дайындыққа назар аударғысы келетінін айтты. Оның келесі жекпе-жегі 26 шілдеде Австралияда өтуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или