Беларусьте ойнайтын қазақстандық шабуылшы: жоқ жерден тізе сіңірін үзіп алдым
Беларусьтық «Барановичи» клубының шабуылшысы Алдияр Алтаев ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында бірнеше айға қатардан шығарып тастаған тізе жарақаты туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл қосалқы команданың құрамындағы ойын еді. Жиі болып тұратын жағдай ғой, ешқандай себепсіз-ақ тізе сіңірін үзіп алдым – допты қабылдап алып, шетке қарай қозғала бергенімде тіземнен дыбыс шықты. Отаны Беларусьте жасады, бірақ емделу және қалпына келу процесінен өз үйімде, Қазақстанда өтемін», – деді 19 жастағы форвард.
Сондай-ақ Алтаев Беларусь жоғары лигасында жинаған тәжірибесі туралы да ой бөлісті:
«Барановичи – тұрғындарының басым бөлігі футболды жақсы көретін нағыз спорттық қала. Мені өте жақсы қарсы алып, дәл солай шығарып салды, сондықтан әрқайсысына алғысым шексіз. Алла қаласа, клубтың ісі алға басады деп сенемін. Команда басшылығы мен ойыншыларына сенімім мол. Ал бұл жарақат – мені тек күшейте түсетін уақытша сынақ», – деп толықтырды ол.
Еске сала кетейік, «Астана» клубының түлегі Алдияр Алтаев «Барановичи» сапына осы жылдың наурыз айында ауысқан болатын. Футболшы Беларусь жоғары дивизионында үш матч өткізіп үлгерді. Қазіргі уақытта Брест облысының командасы турнир кестесінде 15-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или