1XBET - ставки на спорт

Покатилов қақпасын күзететін клуб ЧЛ-ға дайындықты Австрияда бастайды

Покатилов қақпасын күзететін клуб ЧЛ-ға дайындықты Австрияда бастайды

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов ойнайтын Әзірбайжанның «Сабах» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу ойындарына дайындықты Австрияда бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Баку клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда 17 маусымда жаттығуды бастайды. Қазіргі Әзірбайжан чемпиондары оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңін Австрияда өткізеді. Шетелде екі апталық дайындық аясында бірнеше жолдастық кездесулер жоспарлануда, қарсыластары кейінірек жарияланады.

Еске сала кетейік, «Сабах» өткен маусымда Әзірбайжан Премьер-лигасында және Әзірбайжан кубогында топ жарып, «алтын дубль» авторы атанды. Бұл жетістік командаға Еуропаның ең ірі жарысындағы сапарын бірінші іріктеу кезеңінен бастауға мүмкіндік береді.


Эдерсон мансабын «Манчестер Юнайтед» сапында жалғастырады

«Арсенал» жазда үш жаңа ойыншымен келісімшартқа отыруды жоспарлап отыр

FIFA әлем чемпионатындағы төрешілердің өкілеттігін кеңейтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или