«Марсель» қаржылық фэйр-плэй талаптарын орындамады
Марсельдік «Олимпик» қаржылық қиындықтарға байланысты алдағы Еуропа лигасынан шеттетіліп қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
L’Equipe басылымының мәліметінше, Прованс өкілдері соңғы үш маусымда рұқсат етілген таза шығынның шекті мөлшері – 150 миллион еуродан асып, 157 миллион еуроға жеткен. Бұл ретте клуб 60 миллион еуро лимитінен аспауға уәде берген еді.
Осылайша, «Марсель» қазіргі таңда УЕФА-ның қаржылық фэйр-плэй талаптарына сәйкес келмейді және Еуропа лигасына қатысуға лицензия ала алмауы мүмкін. Турнирден шеттетілуге қоса, клубқа жалақы лимитіне байланысты қосымша шектеулер қойылуы ықтимал, алайда бұл шектеулерді Франция футбол федерациясының ішкі органдары енгізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или