«Ертісте» қақпашылар бапкері ауысты
Қазақстандық маман Даниил Ричард «Ертістің» қақпашы жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Даниил Робертович Рихардтың негізгі команданың қақпашылар жаттықтырушысы қызметіне тағайындалғанын ресми түрде хабарлайды.52 жастағы қазақстандық маманның бапкерлік тәжірибесі мол.
Әр жылдары ол «Шахтёр-Болат», «Жас Сұңқар» клубтарында, БЖМОРСМ №8 мектебінде қақпашыларды дайындаумен айналысып, сондай-ақ Қазақстанның U-17 және U-21 жастар құрамаларында қызмет атқарған.Футболшы ретінде Даниил Рихард павлодарлық «Ертіс» сапында өнер көрсетті.
Ақ-көк жейдеде 85 матч өткізіп, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Сондай-ақ ол Қазақстан Премьер-лигасында ең көп матч өткізген қақпашылардың үштігіне кіреді, еншісінде 329 ойын бар.Даниил Робертовичті Павлодарда қайта көргенімізге қуаныштымыз! Клубымыздың игілігі жолында табысты әрі жемісті еңбек тілейміз», — деп жазылған клубтың әлеуметтік парақшасында.