русский язык
Бокс

Қанат Ислам ІВО рейтингісінде бір сатыға көтерілді

Қанат Ислам ІВО рейтингісінде бір сатыға көтерілді

Халықаралық бокс федерациясы (ІВО) барлық салмақ дәрежелеріндегі әлем боксшыларының ай сайынғы рейтингісін жаңартты.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Қазақстан спортшыларының да тізімдегі орындары өзгерді. Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Жанат Жақиянов рейтингінің бірінші жүздігіндегі орнынан екі саты төмендеп, 47-ші сатыға табан тіреді. 

Бірінші орта салмақ дәрежесінде Қанат Ислам 81-ші орыннан 80-ші орынға көтерілді. Бейбіт Шүменов пен Иса Ақбербаев бірінші ауыр салмақ рейтингісінде тиісінше 11-ші және 35-ші позицияларын сақтап қалды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;