русский язык
Бокс

Бекман Сойлыбаев NABA USA чемпиондық титулы үшін жұдырықтаспақ

Бекман Сойлыбаев NABA USA чемпиондық титулы үшін жұдырықтаспақ

18-ші ақпан күні Калифорнияда 25-жастағы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев мексикалық Мойсес Дельгадилломен NABA USA чемпиондық титулын сарапқа салады.

Кездесу екінші жартылай жеңіл салмақ  дәрежесінде өтеді.

Бекман Сойлыбаев үшін бұл алғашқы титулды жекпе-жек болмақ. Бұған дейін жерлесіміз 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын.

Сойлыбаевтың қарсыласы 28-жастағы мексикалық былғары қолғап шебері Мойсес Дельгадилло кәсіпқой рингте 30 кездесу өткізіп, он бес рет жеңіске жетіп, 13 рет ұтылған екен. Тағы екі кездесуін тең аяқтады.

Қазіргі таңда, Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте алдағы жекпе-жегіне дайындалуда.

DiamondRing.kz сайтынан* 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;