Мейіржан Шермаханбет: Ендігі мақсат – Азия ойындары

Мейіржан Шермаханбет: Ендігі мақсат – Азия ойындары

Грек-рим күресінен Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарған Мейіржан Шермаханбет турнирді қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шынымды айтсам, рейтингілік жарысқа қатыспағаныма төрт жыл болыпты. Тіпті, 2022 жылғы Азия біріншілігінен кейінгі төрт жыл ішінде ешбір жарыстан алтын медаль алмаппын. Осы тұрғыдан алғанда, Албаниядағы күрес бәсекесі маған үлкен мотивация болды. Турнир ойымдағыдай өтіп, чемпион атандым.

Ендігі мақсат – Азия ойындары. Алдағы Қазақстан кубогында осы жарысқа іріктеу өтеді. Бәрі сәтті болып жатса, Олимпиадаға барсам деген арман-мақсатым бар.

67 келі олимпиадалық салмақ болған соң, жыл сайын басқа балуандар ауысып келіп жатады. Бұл – қалыпты нәрсе әрі бәсекелестікті арттырады. Сондықтан, қарсыластардың көбейгеніне қуанбасам, еш қарсылық жоқ.

Соңғы Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалдым. Сол кезде іштегі біраз эмоцияны шығарып алғаным дұрыс болды. Жеңілдеп қалдым», - дейді Мейіржан Sportbugin.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетелік, Мейіржан Шермаханбет 67 келі салмақта әлем чемпионатының қола, Азия ойындарының күміс жүлдегері және Азия чемпионы.

Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирден олжалы оралды

Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова рейтингтік турнирде топ жарды

Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или