Алматы да қазақ күресі мен самбодан ашық чемпионат өтеді

Алматы да қазақ күресі мен самбодан ашық чемпионат өтеді

27–29 наурыз күндері Алматы қаласында Армия орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталығында Қазақ күресі мен самбодан ашық чемпионат өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боз кілемде Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарынан 30 командадан 200-ден астам спортшы күш сынасады.

Спорттық додада Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің спортшылары бақ сынайды.

Самбо бойынша команда құрамы: 7 спортшы
Салмақ дәрежелері: 58 кг дейін, 64 кг дейін, 71 кг дейін, 79 кг дейін, 88 кг дейін, 98 кг дейін, 98 кг жоғары.

«Qazaq kuresi» бойынша команда құрамы: 8 спортшы
Салмақ дәрежелері: 55 кг дейін, 60 кг дейін, 66 кг дейін, 74 кг дейін, 82 кг дейін, 90 кг дейін, 100 кг дейін, 100 кг жоғары.

Қазақ күресінен алғаш рет Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды

Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан дзюдошылары жеті медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или