Қазақстандық теннисші алғашқы айналымнан аса алмады
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин ITF M25 Kolkata турниріндегі өнерін ерте аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/16 финалда қазақстандық спортшы ресейлік Бекхан Атлангериевпен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 7:5, 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Тартысқа толы кездесу 2 сағат 42 минутқа созылды.
Келесі кезеңде Атлангериев үндістандық Каран Сингхпен ойнайды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирде жеңіліп қалды
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің төртінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисшінің жартылай финалдағы кездесуінің тікелей трансляциясы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или