«Қайрат» – «Ақтөбе» ойынының барлық билеті сатылды

«Қайрат» – «Ақтөбе» ойынының барлық билеті сатылды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы екінші туры аясында өтетін «Қайрат» (Алматы) және «Ақтөбе» (Ақтөбекездесуіне арналған билет түгелдей сатылып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Аталған матч 16 наурыз күні Алматы қаласындағы «Орталық» стадионда өтеді. Басталуы - 19:00-де.

«Стадион матч басталардан үш сағат бұрын, яғни 16:00-де ашылады.Тексерістен еркін өтіп, кезекке тұрмау үшін стадионға ертерек келуге кеңес береміз. Стадионға үш жақтан кірсе болады: Абай даңғылынан, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерінен. Бұл — маусымдағы алғашқы өз алаңымыздағы матч. Ол нағыз тартысты өтпек! Бізге алғашқы минуттан соңғы секундқа дейін сіздердің дауыстарыңыз, энергияларыңыз, қолдауларыңыз қажет», - деп жазылған алматылық клубтың хабарламасында.

Қос клуб соңғы рет Алматыда кездескен кезде «сары-қаралар» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

ФИФА «Ордабасы» клубын жазалады

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Қазақстанда УЕФА президенті сайланатын Конгресс өтеді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или