Хоккей: Қазақстан чемпионатының жартылай финалистері белгілі болды
Хоккейден Қазақстан чемпионатының ширек финалы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Атыраулық «Бейбарысты» серияда 4:0 есебімен сенімді жеңген өскемендік «Торпедо» мен қарағандылық «Сарыарқа» ширек финал кезеңін ойдағыдай еңсерді. Қарағандылықтар рудныйлық «Горнякты» 4:1 есебімен қапы қалдырды.
Бұл кезеңнің басты сенсациясы Петропавлдың «Құлагері» болды. Команда қазіргі чемпион Көкшетаудың «Арланын» жарыс жолынан шығарып, серияны 4:1 есебімен аяқтады.
Ширек финалдағы ең тартысты бәсеке астаналық «Номад» пен «Алматы» арасында өтті. Жартылай финалға жолдаманың тағдыры жетінші матчта шешілді. Онда елордалық клуб үлкен жеңіске жетіп, серияны 4:3 есебімен жеңіп алды.
«Бейбарыс» плей-оффтан кейін бірнеше ойыншымен қоштасты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или