ФИФА «Ордабасы» клубына санкция салды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) шымкенттік «Ордабасы» командасына санкция салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Федерация қазақстандық клубқа жаңа футболшыларды алдағы үш трансферлік терезеде тіркеуге тыйым салды.
Шектеу шаралары 10 наурызда күшіне енді. Бұл ретте ФИФА-да бұл шешімнің қабылдану себептері нақтыланбаған.
Егер клуб туындаған проблемаларды белгіленген мерзімде жоймаса, «Ордабасы» жаңа ойыншыларды 2027 жылдың жазына дейін қатарына қоса алмайды. Бұл шын мәнінде футболшыларды үш трансферлік кезеңге тіркеуге тыйым салуды білдіреді.
Еске салсақ, Қазақстан чемпионатының жаңа маусымының бірінші турында Шымкент командасы павлодарлық «Ертіспен» 2:2 есебімен тең түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или