русский язык
Бокс

Қанат Ислам: «Қазақстанда кәсіпқой бокстан әлемдік деңгейде сайыстар өтетіндігіне сенемін»

Қанат Ислам: «Қазақстанда кәсіпқой бокстан әлемдік деңгейде сайыстар өтетіндігіне сенемін»

Қазақстанда кәсіпқой бокстан чемпиондық белбеу үшін әлемдік деңгейде сайыстар өтетіндігіне сенемін. Кеше Алматыда өткен кәсіпқой бокс кеші барысында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, бүгінде кәсіпқой боксшы Қанат Ислам осылай деді.

Оның айтуынша, Қазақстанда осы секілді бокс кештері жиі ұйымдастырылса, жас дарынды боксшылар көптеп шығатын болады.
 
«Болашақта Қазақстанда кәсіпқой бокстан чемпиондық белбеу үшін әлемдік деңгейде сайыстар өтетіндігіне сенемін. Бүгінгі бокс кеші соның бастамасы деп ойлаймын. Ол жоғары деңгейде өтті. Алла бұйырса, осындай жарыстар жиі ұйымдастырылып тұратын болса, қазақтың көк туын желбірететін мықты жігіттердің шығатынына сенемін. Мысалы, бүгін 72 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Айдос Ербосынұлының өнеріне риза болдым. Ол артымыздан келе жатқан ініміз. Кезінде талай бірге жаттыққанбыз. Ол болашақта осы салмақ дәрежесінде әлемнің ең мықты боксшысы болады деп ойлаймын және солай болсын деп тілеймін. Тек жарақат алып қалмай, өзін лайықты дайындаса деймін. Қазақтың көк туын көтеретін жігіттің бірі сол деп ойлаймын», - деді Қ. Ислам.
 
Сонымен қатар, ол биыл өзі бес кездесуді өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
 
«Менде негізі чемпиондық атаққа таласу сайысы қалды. Дегенмен, биыл бес кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Солардың бірін Астана қаласында өткізсек деген ниетіміз бар. Қазір осы жөнінде келісім-шарт жасау бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Ал дайындығыма келер болсам, барлығы жақсы. Басқа жұмыс істеуге уақыт та, мұрша да жоқ. Ал, бүгінгі бокс кешіне қатысқаныма өте қуаныштымын», - деді Қ. Ислам.
 
Айта кетелік, Қанат Ислам бүгінде бірінші жартылай салмақта WBA Fedecaribe белбеуінің иегері. 
 
inform.kz сайтынан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;