русский язык
Бокс

Питер Куиллин Жанқош Тұраровты жеңісімен құттықтады

Питер Куиллин Жанқош Тұраровты жеңісімен құттықтады

Бүгін АҚШ-та қазақстандық 25 жастағы Жанқош Тұраров бразилиялық 28 жастағы Хоаким Карнейроны бірінші раундта нокаутқа жіберді.

Бұл бокс кешін орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Питер Куиллин тамашалап, жекпе-жек барысында қазақстандық боксшыға қолдау көрсетті. Кездесу біткен соң Куиллин Тұраровтың қасына келіп, жеңісімен құттықтап, мансабынта үлкен табыс тілеген.

Бұл қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі 18-ші кездесуі болатын, Тұраров өз жекпе-жектерінің бәрінде де жеңіске жетті. Олардың 13-ін мерзімінен бұрын бітірген.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;