русский язык
Бокс

Жаңқош Тұраров әлем чемпионы атанды

Жаңқош Тұраров әлем чемпионы атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров жартылай орта салмақта Солтүстік Американың (NBA) уақытша чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, кездесу Нью-Йорк қаласында өткен. Отандасымыз бразилиялық боксшы Хоаким Карнейроны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша Жаңқош Тұраров спорттық мансабындағы 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол оның 13-ін мезгілінен бұрын аяқтаған.

Айта кетейік, 28 жастағы бразилиялық боксшы осыған дейін 28 кездесу өткізіп, 22-де жеңіске жеткен. Оның 20-сын нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ,  WBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына үміткер болған, ал қазір өз елінің супержеңіл салмақтағы (140 фунт - 63,5 кг) чемпионы болатын.  

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;