русский язык
Бокс

Қазақстандық Жанқош Тұраров әлем чемпионы титулына таласады

Қазақстандық Жанқош Тұраров әлем чемпионы титулына таласады

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін 29 қаңтарда өткізеді. Бұл жолы 25 жастағы кәсіпқой боксшының қарсыласы 28 жастағы бразилиялық спортшы Хоаким Карнейро болмақ.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) NBA тұжырымы бойынша чемпиондық титул сарапқа салынатын жекпе-жек Нью-Йорк қаласында өтеді. Кездесу 12 раундқа созылады.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров Алматы қаласының тумасы. Қазақстандық спортшы кәсіби бокста 2009 жылдан бері бағын сынап жүр. Тұраров осыған дейін 17 кездесу (12 нокаут) өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Қазақстандық боксшының промоутері Нельсон Лопес, сонымен қатар, ол Қанат Исламмен бірге де жұмыс істейді.

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;