русский язык
Бокс

Фредди Роуч: «Пакьяо өз дәуірінің ұлы боксшысы ретінде есте қалады»

Фредди Роуч: «Пакьяо өз дәуірінің ұлы боксшысы ретінде есте қалады»

«Жыл бапкері» атағының жеті дүркін иегері Фредди Роуч өз шәкірті, сегіз салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо адамдардың есінде өз дәуірінің үздік боксшы ретінде сақталатынын айтты.

«Ол өз дәуірінің ұлы боксшысы ретінде есте қалады... Менің өмірімдегі ең ұлы боксшы. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін өткізетіні өкінішті», - деді Роуч.

Естеріңізге сала кетсек, Пакьяо соңғы кездесуін 9 сәуірде Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы үшінші рет америкалық Тимоти Брэдли болмақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;