Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы ойынға арналған жоспарын айтты

Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы ойынға арналған жоспарын айтты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында ертеңгі ойын туралы өз пікір бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байсуфинов ұлттық құраманың өткен екі матчта жақсы өнер көрсеткенін еске салды.

— Жігіттер Бельгияға қарсы алғашқы ойында жақсы ойнады. Солтүстік Македония фаворит болғанымен, бір ғана гол соқты. Бізге қарсы ойында бельгиялықтардың сәл сәттілігі болды деп айтуға болады, — деді ол.

Сонымен қатар бас бапкердің міндетін атқарушы алдағы ойынға қандай жоспар бар екенін айтты.

— Бізде А жоспары да, В жоспары да бар. Исламбек Қуат сары қағаздардың көптігіне байланысты ойнамайды. Қазіргі уақытта біз оның орнын толықтыратын ойыншыны дайындап жатырмыз. Ол қазір керемет формада. Мұндай қарсыласқа қарсы ойнау әрқашан қиын. Біз жігіттерге өз жоспарымызды толық көрсеттік, — деді Байсуфинов.

Оның айтуынша, ертеңгі ойында тек жақсы формадағы ойыншылар шығады.

— Ұлттық құрама тәжірибе жасайтын орын емес. Ертең біз жақсы формада болған ойыншыларды алаңға шығаруды көздеп отырмыз, — деді Байсуфинов.

Айта кетейік, Қазақстандық футболшылар 15 қараша өз алаңында 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Бельгияны қабылдайды. Ал 18 қарашада Хорватияда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ұлттық құрама әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде J тобында сынға түсіп жатыр. Қазір 7 кездесуден кейін 7 ұпаймен төртінші орында келеді. 

Самат Смақов «Жетісу» командасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан - Бельгия ойынында литвалық төреші төрелік етеді

«Қайрат» клубы әлемдік брендпен серіктестік орнатты

Талғат Байсуфинов: Шабуылда ойнауға тырысамыз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или