Төрт қазақ боксшы Қытай чемпионатында жүлдегер атанды

Төрт қазақ боксшы Қытай чемпионатында жүлдегер атанды

XV кезекті бүкілқытайлық спартакиадасының бокс жарыстары 14 қараша күні өз маресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

14 күнге созылған байрақты бәсекеде ұлты қазақ төрт боксшы жүлде тұғырынан көрінді. Олардың қатарында Ердәулет Майланбек (71 келі) және Байқоныс Данабек (+92 келі) алтын медаль иеленді.

Сонымен қатар, Бейжің қаласы атынан шаршы алаңға шыққан Ұлпар Қарқын (71 келі) күміс медаль, ал Ербол Үсен (80 келі) қола медаль жеңіп алды.

Айта кетерлігі, Азия ойындарының чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Тоқтарбек Таңатқан ширек финалда сүрінді.

Али Ахмедовтің келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы кейінгі бес жылдағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Энтони Джошуа мен Джейк Пол жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или