Еуропа Лигасында «Астана» «Галатасарайды» алмастыра ма
![Еуропа Лигасында «Астана» «Галатасарайды» алмастыра ма](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1453455371_218514937.jpeg?v=28660736)
Fotomac.com.tr сайтының хабарлауынша, «Галатасарай» футболдан Еуропа Лигасынан шеттетілуі мүмкін.
УЕФА-ның қаржы комитеті «Галатасарай» клубын қатаң жазаламақшы. Себебі түркиялық команда 2015/16 маусымында қаржылық «фэйр-плей» қағидасын ұстанбаған. Арбитраждық палата жуырда өз шешімін шығарады.
«Галатасарай» клубы Еуропа Лигасының 1/16 финалына жіберілмесе, «Астана» командасы «Лацио»-мен кездесу өткізіп, жарысты жалғастыруы мүмкін.