русский язык
Бокс

Том Леффлер: «Головкин-Альварес жекпе-жегі «Канелоның» командасына байланысты»

Том Леффлер: «Головкин-Альварес жекпе-жегі «Канелоның» командасына байланысты»

Промоутер Том Леффлер Головкин-Альварес жекпе-жегін көктемде өткізу туралы пікірін айтты.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Билли Джо Сондерс Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқандықтан, қазақстандық боксшының қарсыласы Туреано Джонсон болады деп жоспарланған еді. Дегенмен Джонсон жарақат алуына байланысты Головкинге қарсы жекпе-жекке өткізе алмайтын болды. Сондықтан да қазақстандық боксшы алдағы кездесуіне қарсылас іздеп жатыр.

Альварес болса келесі кездесуін 7 мамырға белгіледі. Дегенмен ол да әзірше қарсылас таппады. Леффлердің айтуынша, Альварестің Головкинмен мамыр айында жекпе-жек өткізуі өте маңызды. "Бірақ бұл "Канело" мен Golden Boy командасының шешіміне байланысты болып отыр", - деді қазақстандық боксшының промоутері.

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;