Болат Есмағамбетов: «Қайрат» үшін әр ұпай – жеңіспен тең»

Болат Есмағамбетов: «Қайрат» үшін әр ұпай – жеңіспен тең»

Қазақстан футболының ардагері әрі белгілі функционер Болат Есмағамбетов «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қалған ойындарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Sport Шредингера басылымына сілтеме жасап.

Алматылықтар алғашқы үш ойында «Спортингтен» (1:4) және «Реалдан» (0:5) жеңіліп, кипрлік «Пафоспен» (0:0) тең түсті. Бір ұпай жинаған «Қайрат» турнирдің жалпы кестесінде 34-орында тұр.

Алда команда «Интер», «Брюгге», «Олимпиакос», «Арсенал» және «Копенгагенмен» кездеседі. Соңғы матч 2026 жылдың қаңтар айында өтеді.

«Қайратты алда өте қиын кезең күтіп тұр. Команда ауыр маусым өткізді, ел чемпионы атанып, ЛЧ-ге жолдама алды — бұл өз алдына үлкен жетістік. Бірақ шаршау сезіледі, ал қарсыластар жоғары қарқында ойнап жүр. Ұпай жинау оңай болмайды. Шындыққа тура қарау керек — әр матчта “Қайрат” аутсайдер саналады. Мұндай деңгейде кез келген ұпай — жеңіспен пара-пар», — деді Есмағамбетов.

Айта кетейік, «Қайрат» биылғы маусымда 26 турдың қорытындысы бойынша 59 ұпай жинап, ел чемпионы атанып, келесі жылғы Чемпиондар лигасына қатысуға жолдама алған болатын.

ҚПЛ-2025 маусымында тек екі ойыншы барлық матчты толық өткізді

Виктор Кумыков ұлттық құраманы кім баптауы керектігін айтты

«Қайрат» Фарер аралдарына қарсы ойын алдында өзінің төрт футболшысын қайтарып алады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или