Бразилия құрамасының бапкері Анчелотти ЛЧ маусымына баға берді
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының басты фавориттері жайлы өз ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Championat сайтына сілтеме жасап.
«Бұл турнирде әрдайым дәстүрлі фавориттер бар — мадридтік “Реал”, “ПСЖ”, “Манчестер Сити” және “Бавария”. Алғашқы турларда көп гол мен күтпеген нәтижелер болды. Сол себепті көрермендерге турнир бұрынғыдан да қызығырақ әрі аздап тосын көрінуі мүмкін. Топтық кезең кеңейтілді, бұл интрига қосу үшін жасалған, және бұны қабылдау қажет», – деді Анчелотти Tuttosport басылымына берген сұхбатында.
Үш турдан кейін «ПСЖ» тоғыз ұпаймен көш бастап тұр. «Бавария» мен «Реалдың» да еншісінде тоғыз ұпайдан бар, ал «Манчестер Сити» жеті ұпай жинап, жетінші орында келеді.
Мбаппе «Реал Мадридтің» рекордын жаңартты
Салах Уэйн Рунидің Премьер-лигадағы рекордын қайталады
Мессидің клубы MLS плей-оффының 1/8 финалында жеңіліске ұшырады