Қазақ қыздары Өскемендегі Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Қазақ қыздары Өскемендегі Азия чемпионатына дайындалып жатыр


Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы 5–8 қараша аралығында Өскеменде өтетін Азия чемпионатына дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Golovoy ob led телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Құрлықтық дода алдында команда Қытай құрамасымен жолдастық кездесу қарсаңында жаттығу өткізуде.

Бұл турнирде қазақстандық хоккейшілер Азияның ең мықты құрамаларымен — Жапония, Қытай және Корея командаларымен бақ сынайды. Халықаралық хоккей федерациясының 2024 жылғы сәуір айындағы рейтингінде Жапония 7-орында, Қытай – 12-орында, Корея – 18-орында, ал Қазақстан – 22-орында тұр.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы халықаралық хоккей жарысы Қазақстанда соңғы рет 2016 жылы өткен. Ол кезде Астанадағы турнирде Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу кезеңінің екінші сатысында жеңіске жетіп, өз тарихындағы ең үздік нәтижелерінің бірін көрсеткен еді.

Қазақстандық шабуылшы Финляндия лигасында мергендер сайысында көш бастап тұр

Қазақстандық хоккейші Канада лигасының матчында голдық пас берді

Қазақстандық қақпашының командасы шетел лигасындағы матчта жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или