Салах АПЛ тарихындағы Рунидің рекордын қайталады
Англия Премьер-лигасының 10-турында «Ливерпульдің» 33 жастағы шабуылшысы Мохаммед Салах «Астон Вилла» қақпасына гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл нәтижелі соққысының арқасында Салах АПЛ тарихындағы «гол+пас» көрсеткіші бойынша бір клуб сапында ең көп үлес қосқан ойыншылар тізімінде рекордты қайталады.
Squawka мәліметінше, египеттік футболшының еншісінде «Ливерпуль» сапында 276 нәтижелі әрекет (188 гол және 88 пас) бар. Бұған дейін дәл осындай көрсеткішке «Манчестер Юнайтед» сапында ойнаған Уэйн Руни (183 гол, 93 пас) қол жеткізген еді.
Сонымен қатар, Салах жақында «Ливерпуль» тарихындағы 250 гол соққан үшінші ойыншы атанды. Биылғы маусымда ол клуб құрамында барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, 5 гол мен 3 нәтижелі пас жасады.
Мбаппе «Реал Мадридтің» рекордын жаңартты
Салах Уэйн Рунидің Премьер-лигадағы рекордын қайталады
Мессидің клубы MLS плей-оффының 1/8 финалында жеңіліске ұшырады