русский язык
Бокс

Бом Арум: «Рамирес-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыруға дайынмын»

Бом Арум: «Рамирес-Головкин жекпе-жегін ұйымдастыруға дайынмын»
Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Боб Арумның айтуынша, мексикалық Джильберто Рамирес қазақстандық Геннадий Головкинді ұта алады. 
 
«Джильберто Рамирес - Геннадий Головкин жекпе-жегін ұйымдастыруға дайынмын. Менің ойымша, Том Лёффлер үшін қазір «Канело» ең басты мақсат. Бірақ Альварес-Головкин кездесуі болмайтынына сенімдімін. Сондай-ақ, Сондерс те Головкинге қарсы шықпайды. Егерде бұл екі жекпе-жек болмаса, Головкиннің Рамиреске қарсы кездесуін ұйымдастыра аламын. Бірақ ол үшін Джильберто алдымен сәуір айында Артур Абрахамды ұтуы қажет. Меніңше, Рамирес Головкинді ұтады. Лёффлер Головкинмен жақсы жұмыс ақтаруда, менде де кезінде мұндай боксшы болған - Марвин Хаглер. Онымен ешкім жұдырықтасқысы келмейтін», - деді Боб Арум. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;