Гризманн Испания чемпионатында тарихи межені бағындырды
Испания чемпионатының 11-туры аясында өткен «Атлетико» мен «Севилья» арасындағы кездесуде француз шабуылшысы Антуан Гризманн тағы бір тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
74-минутта алаңға шыққан Гризманн матчтың 90-минутында үшінші голды соғып, есепті 3:0 етіп түйіндеді. Бұл доп оның Ла Лигадағы 200-голы болды. Осылайша, француз шабуылшысы XXI ғасырда Испания чемпионатында 200 гол соққан бесінші ойыншы атанды.
Биылғы маусымда Гризманн барлық турнирлерде «Атлетико» сапында 14 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Айта кетейік, «Атлетико» бұл ойында «Севильяны» 3:0 есебімен жеңді. Бұған дейін Хулиан Альварес пен Тьяго Альмада да мергендігімен көзге түсті.
Лука Модрич қыркүйектің үздік ойыншысы атанды
Роналдудың ұлы Португалия құрамасындағы алғашқы голын соқты
«Бернабеудегі» қайғылы оқиға: «Реал» жанкүйері «эль класико» кезінде көз жұмды