Оже-Альяссим: «Мастерс финалына шығу – ерекше сезім»

Оже-Альяссим: «Мастерс финалына шығу – ерекше сезім»


Канадалық теннисші Феликс Оже-Альяссим (ATP рейтингісінде 10-орында) Парижде өткен «Мастерс» турнирінің жартылай финалында қазақстандық Александр Бубликті (16-орын) жеңгеннен кейін әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен өте қуаныштымын. “Мастерс” финалы – бұл ерекше мәртебе. Мұндай ойындарға әр апта сайын қатыса бермейсің. Бар үмітім – осы жолы титулға дейін жету. Бірақ “Мастерсте” әр матч оңай болмайды, өйткені мұнда бәсеңдеуге орын жоқ.

Мен өз ойыныме сенімдімін, әлемнің ең мықты теннисшілеріне қарсы не істей алатынымды білемін. Бірақ бәрібір кортқа шығып, бар күшіңді салу керек. Бүгін жақсы ойнадым және нәтижеге ризамын», – деді Оже-Альяссим.

Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирін жартылай финалда аяқтады

Бублик әлемнің топ-10 теннисшісі қатарына кіру мүмкіндігін бағалады

WTA қорытынды турнирі: Рыбакина — Анисимова кездесуінің тікелей трансляциясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или