«Приштина» — «Қайрат» матчтың тікелей трансляциясы

«Приштина» — «Қайрат» матчтың тікелей трансляциясы

Бүгін, 1 қарашада алматылық «Қайрат» футзал клубы Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңі аясында Косовоның «Приштина» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Приштина» — «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады, ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстандық команда Хорватияның «Ново Вриеме» (3:2) командасын жеңіп, топ көшбасшысы, португалиялық «Спортингтен» (2:7) жеңіліп қалды.

«Приштина» алғашқы ойында «Спортингтен» 1:19 есебімен ойсырай ұтылып, «Ново Вриемені» (7:6) жеңді.

Осылайша, «Қайрат» пен «Приштина» алғашқы екі ойында үш ұпайдан еншіледі.  

🔹 @samrukkazyna_official

🔹 @sportqory

🔹 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

🔹 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Қайрат» Чемпиондар лигасында Португалияның ең атақты клубына жол берді

Чемпиондар лигасы: «Семей» франциялық клубтан жеңіліп қалды

«Қайрат» – «Ново Вриеме» кездесуі қалай өтті. Видео

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или