русский язык
Бокс

Фредди Роуч: «Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекті асыға күтудемін»

Фредди Роуч: «Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекті асыға күтудемін»

Атақты бокс маманы Фредди Роуч орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBF и WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC чемпионы Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек жайлы өз пікірін айтты.

Аталмыш кездесу қыркүйек айында өтеді деп күтілуде.   

«Меніңше, бұл өте қызық жекпе-жек болмақ. Головкин кәсіпқой бокста Альварес сияқты мықты боксшымен жұдырықтасқан жоқ. Головкин - менің ең сүйікті боксшыларымның бірі. Маған оның бокс стилі ұнайды. Бірақ Сауль Альварес те өте шебер боксшы. Бұл кездесуді асығу күтудемін», - деді Фредди Роуч. 

Allboxing.ru сайтынан* 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;