Головкиннің бұрынғы қарсыласы Джеймс де ла Росамен жұдырықтасады
Қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы 27-жастағы канадалық боксшы Давид Лемье шаршы алаңға наурыз айында оралады.
Давид Лемье мексикалық былғары қолғап шебері Джеймс де ла Росамен жұдырықтасады. Аталмыш жекпе-жек Монреаль қаласында, наурыздың 12-і өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, канадалық боксшы өзінің соңғы кездесуінде жерлесіміз Геннадий Головкиннен нокаутпен ұтылған болатын.