русский язык
Бокс

Бүкіләлемдік бокс сериясының жарыстары тікелей эфирде көрсетіледі

Бүкіләлемдік бокс сериясының жарыстары тікелей эфирде көрсетіледі
2016 жылғы 23 қаңтардан бастап 2 сәуірге дейін «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) алтыншы маусымының жарыстары көрсетілетін болады, оған Astana Arlans командасының спортшылары қатысады.
 
Алғашқы жекпе-жек Қарағандыда  23 қаңтарда сағат 18.00-де Azerbaijan Baku Fires өтеді.
 
«Хабар» команданың ресми ақпараттық серіктесі және жекпе-жектерді эфирде, сонымен қатар www.khabar.kz сайтында онлайн режімінде көрсететін болады.  
 
Агенттіктің спорт трансляциялары продюсері Асқат Жақаевтың айтуынша: «Хабар» қазақстандық спорттың дамуын үнемі бақылап отырады, біз үшін дәл біздің командаларды қолдау маңызды. Біз қазақстандық көрермендердің спорт қаһармандарының түрін білгендігін және олар үшін жанкүйер болу мүмкіндігі болғанын қалаған болар едік. «Хабар» телеарнасы ұзақ жылдар бойы Бүкіләлемдік бокс сериясының хост-хабар таратушысы болып табылады. Бұл - қазақстандық боксқұмарлар ұнатқан беделді турнир. «Астана Арланс» еліміздің ең нәтижелі спорт жобасы болып есептеледі, олар екі рет олжа иегері атанды. 6 маусымда «арландар» өткен жылдың нәтижесін қайталайды деп сенеміз!».
 
Осы жылы Бүкіләлемдік бокс сериясы Қазақстанда өз географиясын кеңейтті - жекпе-жектер Петропавлда және Өскеменде алғаш рет өткелі отыр.   
 
WSB алтыншы маусымында 16 клуб қатысады. Серияны екі рет жеңген Astana Arlans чемпионы осы жылы 30 күшті боксшыны шығарды. Қазақстандық команданың аға жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековтің айтуынша, осы маусымның мақсаты - тағы да жүлделі орындарды иелену.   
 2016 жылдың маусымында Бүкіләлемдік бокс сериясында Қазақстан туын 49 келі салмақ санатында Теміртас Жүсіпов, Мардан Берікбаев және Жомарт Ержан, 52 келіде  Олжас Саттыбаев, Азат Махметов, Мирас Жақыпов қорғайтын болады. Мейірболат Тоитов, Нұрсұлтан Қосшығұлов және Нұрбол Қалжанов 56 келі санатында, 60 келі санатында Закир Сафиуллин, Ержан Мүсәпіров және Бекдәулет Ибрагимов, ал 64 келі санатында Самат Башенов, Асхат Уәлиханов пен Сабыржан Бекбергенов өнер көрсететін болады. Клубтың атынан Аслан Шымбергенов, Қанағат Маралов және Бекзат Халметов - 69, Мейірім Нұрсұлтанов, Рустам Сваев және Ерік Әлжанов - 75 келі салмақ санатында, Нұрдәулет Жарманов, Али Ахмедов, Арман Рысбек 81 келіге дейінгі, Мұхамеджан Еркін және Рахман Әлжанов - 91 келіге дейінгі салмақта, ал Қамшыбек Қоңқабаев, Нұржан Бекзатов және Нұрсұлтан Аманжолов 91 келіден жоғары салмақта шығатын болады.
 
Жарыс фавориттері тізімінде Ресей, Куба және Украина клубтары бар, сондай-ақ осы жылы Ұлыбританияның командасы рингке қайта оралды.
 
Қалған матчтар кесте бойынша өтетін болады:
 
Күні                                  Командалар
 
7 ақпан Puerto Rico Hurricanes - Astana Arlans
 
26 ақпан Uzbek tigers - Astana Arlans
 
4 наурыз Azerbaijan Baku Fires - Astana Arlans
 
19 наурыз Astana Arlans - Puerto Rico Hurricane
 
2 сәуір Astana Arlans - Uzbek tigers
 
Бүкіләлемдік бокс сериясы (World Series Boxing) - 2010 жылы құрылған және AIBA (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) бөлігі болып табылатын халықаралық боксшылар лигасы. Бесінші маусымда бас-аяғы 114 матч өткізілді.
 
Astana Arlans 2010 жылы құрылды, ол - алғашқы маусымынан бері WSB қатысушысы, үшінші және бесінші маусымдардың лига чемпионы. Аstana Arlans клубының бас директоры -Серік Сәпиев.
 
inform.kz сайтынан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;