русский язык
Бокс

Головкин соққысы ауыр боксшылардың рейтингісінде екінші орында тұр

Головкин соққысы ауыр боксшылардың рейтингісінде екінші орында тұр

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымындары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық bleacherreport.com спорт порталының нұсқасы бойынша соққысы ең ауыр боксшылардың рейтингісінде екінші орын алды.

Бұл туралы Tengrinews.kz ақпараттық порталы мәлім етті. 

«Головкиннің ауыр соққылары жылдам әрі ықшам. Оның джебі - таран, солайша ол күшті комбинацияларды жылдам әрі дәл жасайды. Головкин бокстағы үздік панчерлердің бірі. Бірақ ол өз дивизионында жұлдызға айналса да, "А" классындағы қарсыласты жеңіп көрмеген. Ал әзірше ол оларды жеңбесе, Головкиннен ұздік панчерлер бар деп санауға болады», - деп жазады басылым. Рейтингте бірінші орынды ресейлік боксшы Сергей Ковалев алып отыр.

ТОП-10 тізімі:

10. Энди Ли

9. Артур Бетербиев

8. Кейт Турман

7. Деонтей Уайлдер

6. Роман Гонсалес

5. Адонис Стивенсон

4. Владимир Кличко

3. Рэндалл Бейли

2. Геннадий Головкин

1. Сергей Ковалев 

Осыған дейін Геннадий Головкиннің 2015 жылдың үздік чемпиондарының рейтингісінде көш бастағаны хабарланған еді.

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;