Тағы бір бразилиялық футзалшы Қазақстан құрамасына қосылуы мүмкін
Қазақстан тағы бір бразилиялық ойыншыны натурализациялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әңгіме алматылық «Қайрат» футзал клубының ойыншысы Кайо жайлы болып отыр.
ҚР Футбол федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі Қайрат Оразбековтың айтуынша, Кайо Қазақстанда төрт жыл тұрып, өзін нағыз патриот ретінде танытқан.
– Кайо – өте лайықты адам. Қазақстанда төрт жыл ішінде ол өзінің ойынымен де, мінезімен де патриот екенін көрсетті. Егер бәрі сәтті аяқталса, біз оған ұлттық құрама жейдесін киіп, еліміздің атынан өнер көрсетуге және азаматтық қабылдауға ұсыныс жасаймыз, – деді Қайрат Оразбеков.
Шыңғыс Есенаманов: «Мен үшін соңғы іріктеу кезеңі болды»
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или